Отыз жылдай бұрын Берлин қабырғасы құлап, Темір перде көтеріліп, Кеңес Одағының ыдырауы – бірінші қырғи қабақ соғыстың аяқталғанын білдірді.
Бұл сол кездегі Кеңес Одағының жетекшісі болған Михаил Горбачевтің іс -әрекеттерімен байланысты болып еді.
Ол Лиссабоннан Владивостокқа дейінгі Еуразиялық континенттегі бүкіл еуропалық елдер мен халықтарының барлық салада қауіпсіздігі пен ынтымақтастығын орнатуына ықпал ететін Ортақ Еуропалық Одақ құруды көздеді.
Бізге қазіргі жаңа қырғи қабақ соғыстан шығу үшін Горбачевтің идеяларына қайта оралу керек шығар. Идеяларды қайта бағалауды өткізу үшін, біз үшін барлық саланы қамтыған кең ауқымды ақпараттар қажет. Тек сонда ғана біз талдауға, нақты анықтамаларға, мәнмәтіні және тарихи көзқарастарға негізделмеген голландияның БАҚ-тарының шеңберінен шыға аламыз.
Еуропалық үй – бұл беделді бұқаралық ақпарат құралдарына ғана сүйенбейтін, жеке ақпараттар алаңы.
Бұл балама ақпарат оқырманның ойында теңдестірілген көзқарасты қалыптастыра отырып, әртүрлі мемлекетаралық мүдделерді дұрыс түсінуге мүмкіндік береді.
Еуропалық үй беделді бұқаралық ақпарат құралдарының ақпараты мен басқа да түрлі ақпарат көздеріне сүйенудің орнына, еуропалықтарды геосаясат туралы ойын ашық түрде жариялауға шақырады.
Атап өтсек, сайлау кезінде адамдар ақпараттар негізінде ғана шешім қабылдайды.
Кеңінен ойланып, дұрыс таңдау жасау үшін, бізге сенімділік пен ауқымдылықты қамтамасыз ететін нақты және кең ауқымды ақпараттар қажет.
Еуропалық үй Еуразия құрылығындағы барлық азаматтармен жақсы қарым-қатынасты нығайту арқылы ұзақ мерзімді қауіпсіздікті және оның өркендеуін қамтамасыз етуді өмірлік қажеттілік деп санайды. Бұл қатынастарды жетілдіруде диалог және ақпарат алмасу өте маңызды. Еуропалық үй мақалаларды таңдауда геосаясат, экономика және бұқаралық ақпарат құралдарындағы жаңалықтарға ерекше назар аударып отырады.